Сату ережелері

Сату ережелері

Kokzhiek интернет-дүкенінде тауарларды сату төмендегідей заңнамалық актілермен реттеледі:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қыркүйектегі N 918 Қаулысы.

 

  1. Сайтта орналастырылған тауарлар жеке тұтынуға арналған.
  2. Тапсырыс «BOOK-MADE» ЖШС (kokzhiek.kz) интернет-сайтындағы ақпарат негізінде қалыптастырылады.
  3. Сатып алушы Тауарды қолма-қол ақшалай төлем немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен төлеуге құқылы. Қолма-қол ақшалай төлем жеткізілу сәтінде курьерге немесе кітап беру орындарының қызметкеріне төленеді.
  4. Ақшасыз төлем kokzhiek.kz сайтында «Төлем әдістері» бөлімінде көрсетілген тәртіпке сәйкес банктік аударым жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Сатушының шотына ақшалай қаражатты аударғаны үшін шығындарды Сатып алушы өтейді.
  5. Тауарды жеткізу «BOOK-MADE» ЖШС таңдауы бойынша тауарға тапсырыс беру кезінде Сатып алушы көрсеткен қалааралық пошта алмасуы орнында орналасқан байланыс орнына дейін Сатып алушы тапсырысы бойынша тауарды жеткізу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
  6. Тапсырыс құны 10000 теңгеден жоғары болған кезде Қазақстан Республикасының аумағында тауарды жеткізу тегін. Тұтынушының жеткізу сәтінде Тауардан бас тартқан жағдайында тек қана курьер қызметі үшін төлем жасайды. Бұл туралы жан-жақты ақпарат «Жеткізу» бөлімінде берілген.
  7. Егер Тауарды қайтару курьерлік қызметті шақырту арқылы жүзеге асырылса, 700 теңге көлеміндегі курьер жолын Сатып алушы төлейді.
  8. Егер көрсетілген тауар пайдаланылмаса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, фабрика затбелгілері, тұтынушыға сатылған тауармен бірге берілген тауарлық немесе кассалық чектері сақталған болса немесе тауарды «BOOK-MADE» ЖШС интернет-дүкенінде сатып алғандығының басқа дәлелдері болған болса, Сатып алушы тауарды айырбастау мен қайтару мүмкіндігіне ие.

Сатып алушы тауардан бас тартқан жағдайда «BOOK-MADE» ЖШС Сатып алушы сәйкес талаптарды ұсынған күннен кем дегенде 10 күннен кешіктірмей Сатып алушыдан немесе Сатып алушыға қайтарылған тауарды жеткізуге «BOOK-MADE» ЖШС шығындарын қоспағанда Сатып алушы төлеген соманы қайтаруы тиіс.