Қоғамдық оферта

Көпшілік офертасының шарты

Интернет-дүкенде Тауарды сатып алу тәртібі мен шарттары көрсетілген оферта шартымен танысуды ұсынамыз.

Тауарларды сату ережесі

ДЕРЕКТЕМЕЛЕР

  • «BOOK-MADE» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
  • БСН 190740028834.
  • Заңды мекенжайы: 050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сайран ы/аудан., 9 үй, 52.
  • Пошталық мекенжайы: 050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Мақатаев көш., 128 А.

ТЕРМИНДЕР

  • Сатып алушы — www.kokzhiek.kz сайтында Тапсырыс беруші не Тауарды алушы ретінде көрсетілген, болмаса коммерциялық мақсатты көздемейтін жеке, отбасылық, үй және басқа да қажеттіліктері үшін пайдаланатын жеке тұлға.
  • Сатушы — «BOOK-MADE» ЖШС.
  • Интернет-дүкен — Тапсырыстарды рәсімдеу үшін Сатушының өз Сатып алушыларына ұсынатын тауарлары, бұған қоса Сатып алушыларға осы Тапсырыстарды төлеу мен жеткізу шарттары көрсетілген Сатушыға тиесілі интернет-сайт.
  • Сайт— kokzhiek.kz.
  • Тауар — азаматтық айналымнан алынбаған (сатуға тиым салынбаған) және Сайтта сатуға ұсынылған материалдық дүниелер.
  • Тапсырыс — Сайтта таңдалған Тауарларды көрсетілген мекенжай бойынша жеткізуге Сатып алушының тиісті түрде рәсімдеген сұранысы.
  • Акциялық жеңілдік – бұл белгілі бір Тауарға ұсынылатын жеңілдік. Жеңілдік көлемі Тауар парақшасында көрсетіледі. Тауар құны акциялық жеңілдіктерді есепке ала отырып көрсетілген.
  • Жеткізу қызметі — Сатып алушыларға Тапсырыстарды жеткізу үшін Сатушымен келісімді шарт бойынша қызмет көрсететін үшінші тұлға.

 

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
    • Сайт «BOOK-MADE» ЖШС тиесілі және басқарылады.
    • Тауарларға Интернет-дүкен арқылы тапсырыс бере отырып Сатып алушы төменде баяндалған Тауарды сату шарттарымен (бұдан әрі - Шарт) келіседі.
    • Сайта ұсынылған осы Шарттар, сонымен қатар, Тауар туралы ақпарат Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 395 бабына сәйкес көпшілік офертасы болып табылады, және осы офертаны құптаған жеке тұлғаның төменде баяндалған шарттарды қабылдаған жағдайында осы Шарттың шарттарына сәйкес Сатушының Тауарына төлемді жүзеге асырады. ҚР АК 396 бабының 3-тармағына сәйкес Сатып алушының Тауарға төлем жасауы офертаны құптаған болып табылады, бұл офертада баяндалған шарттарда Шарт жасасқанға тең болады.
    • Сатып алушы мен Сатушы арасындағы қарым-қатынастарға Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің ережелері (оның ішінде бөлшек саудада сатып алу-сату туралы ереже, «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 04.05.2010 жылғы №274-IV Заңы), Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының басқа нормативтік-құқықтық актілері және оларға байланысты қабылданған басқа да құқықтық актілер кіреді.
    • Сатушы осы Шартқа өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады, осыған байланысты Сатып алушы «Көпшілік офертасының шарты» бөлімінде көрсетілген Шарттағы өзгерістерді үнемі қадағалап отыруға міндетті.
    • Сатып алушы Сайтта Тапсырысты рәсімдеудің соңғы кезеңінде «Рәсімдеу» түймешігін басу арқылы Шарттармен келіседі.

 

  1. САЙТТА ТІРКЕЛУ
    • Тапсырысты рәсімдеу үшін Сатып алушыға Сайтта тіркелу ұсынылады.
    • Сатушы тіркелу кезінде Сатып алушы ұсынған ақпараттың нақтылығы мен дұрыстығы үшін жауапкершілік алмайды.
    • Сатып алушы тіркелу кезінде көрсетілген логин мен парольді үшінші тұлғаларға хабарламауға міндетті. Сатып алушының өзінің логині мен паролінің қауіпсіздігіне қатысты күдігі немесе оларды үшінші тұлғалардың рұқсатсыз пайдалану мүмкіндігі туындаған болса, Сатып алушы бұл туралы кешіктірместен [email protected] мекенжайы бойынша Клиенттермен жұмыс жөніндегі қызметке электронды хат жіберіп, Сатушыны хабарландыруға міндетті.

 

  1. ТАПСЫРЫСТЫ РӘСІМДЕУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ МЕРЗІМІ
    • Сатып алушы тапсырысты Сайтта өзі дербес түрде рәсімдей алады.
    • Тапсырысты рәсімдеу кезінде Сатып алушы келесі ақпараттарды көрсетуі керек:

а) қағаз кітабын сатып алу кезінде

  • Сатып алушының немесе Тапсырысты Алушының аты-жөнін;
  • Тапсырысты жеткізу мекенжайын;
  • электронды пошта (email) мекенжайын;
  • байланыс телефонын;
  • жеткізу тәсілін;
  • төлем тәсілін.

б) электронды кітапты сатып алу кезінде

  • Сатып алушының немесе Тапсырысты Алушының аты-жөнін;
  • электронды пошта (email) мекенжайын.
    • Сатушы себебін көрсетпестен шарт жасасу мен Тапсырысты рәсімдеуден бас тартуға құқылы.
    • Сатушы Тапсырысты орындауға міндеттеме алған мерзім бір жұмыс күнінен басталады. Тапсырысты орындау мерзімі Сатушы қоймасында Тауардың тапсырыс берілген позициясының болуына және Тапсырысты өңдеуге қажетті уақытқа байланысты болады. Тапсырыстың орындалу мерзімі ерекше жағдайларда Сатып алушы тапсырыс берген Тауар сипаттамасы мен көлеміне қарай жекелей ескертілуі мүмкін. Сатушы қоймасында Тапсырыс бөлігінің(кейбір тауарлардың) болмауы жағдайында және басқада қоймада болмаған Тауарға байланысты басқада себептер бойынша, Сатушы Сатып алушы Тапсырысынан көрсетілген Тауарды алып тастауға құқылы. Сатушы Сатып алушының Тапсырысының жиынтықтығы (тапсырыстағы кітаптардың толық саны) өзгергені туралы интернет-сайтта тіркелген кезде көрсетілген электронды поштаға хабарлама жіберуге миіндетті, немесе Сатып алушының Тапсырысты тікелей алуы кезінде тауар чегіне қосымша жазбаша түсініктеме беру арқылы Сатып алушыны хабардар етуге міндетті.
    • Сатушының қоймасында тапсырыс берілген тауар болмаған жағдайда, оның ішінде Сатушыға байланысты емес себептер бойынша болмауы жағдайында Сатушы Сатып алушы Тапсырысынан көрсетілген Тауары алып тастауға және тіркелу кезінде көрсетілген электронды поштаға хабарлама жіберу, телефонның байланыс нөміріне SMS-хабарлама жіберу немесе телефон соғу жолымен бұл туралы Сатып алушыны хабарландыруға құқылы. Хабарландыру тәсілін Сатушы таңдайды.
    • Алдын-ала төленген Тапсырыстың толықтай болмаса ішінара күші жойылған жағдайда, Сатушы Тапсырыста болмаған Тауардың құнын Сатып алушының талабы бойынша Сатып алушының бастапқыда алдын-ала төлеген тәсілімен Сатып алушыға қайтарады.

 

  1. ЖЕТКІЗУ
    • Тауарды жеткізу тәсілдері Сайтта «Жеткізу» бөлімінде көрсетілген.
    • Жеткізу аймағы Жеткізу қызметі қызмет көрсететін Қазақстанның барлық қалаларынан, ауылдарынан және өңірлерінен тұрады.
    • Сатушы Сайтта көрсетілген жеткізу мерзімін сақтау үшін күшін салады, дегенмен жеткізудегі кедергілер Сатушының кінәсінен емес, күтпеген жағдай нәтижесінде болуы мүмкін.
    • Оқыс қайтыс болу қаупі немесе Тауардың кездейсоқ бүліну қаупі Сатып алушыға Тапсырысты тапсыру сәтінен және Тапсырыстың жеткізілгенін растайтын құжаттарға Тапсырысты алушының қолы қойылған сәттен Сатып алушыға өтеді. Тапсырыс жеткізілмеген жағдайда Сатушы Тапсырысқа алдын-ала төленген құн мен тасымалдау құнын, Жеткізу қызметінен Тапсырыстың жоғалғанын растайтын құжат алғаннан кейін Сатып алушыға қайтарады.
    • Жеткізу құны салмаққа, сәлемдеме(жіберілген зат) габаритіне және жеткізу өңіріне байланысты болады.
    • Жеткізу кезінде Тапсырыс Сатып алушыға, болмаса Тапсырысты Алушы ретінде көрсетілген тұлғаға тапсырылады. Жоғарыда көрсетілген тұлғалар қолма-қол ақшалай есеп айырысумен рәсімделген Тапсырысты алу мүмкіндігі болмаған жағдайда, Тапсырыс тапсырыс туралы мәліметтерді ұсынуға (жіберуші нөмірі және/немесе Алушының аты-жөні), сонымен қатар Тапсырысты жеткізуді жүзеге асырушы тұлғаға Тапсырыс құнын толық көлемде төлеуге дайын тұлғаға тапсырылады.
    • Алаяқтық жағдайларын болдырмас үшін, бұған қоса 4.6. тармағында өзіне алынған міндеттемелерді орындау үшін алдын-ала төленген Тапсырысты тапсыру кезінде Тапсырысты жеткізуге міндетті тұлға Алушының жеке басын куәландыратын құжатты талап етуге және Тапсырыс түбіртегінде Алушы ұсынған құжаттың түрі мен нөмірін көрсетуге құқылы. Сатушы Сатып алушының дербес ақпараттарының құпиялылығы мен қорғалатындығын кепілдендіреді.
    • Тапсырысты тапсыру кезінде Сатып алушы Тапсырыстың сыртқы түрі мен қаптамасын, Тапсырыстағы Тауар көлемін, жиынтықтылығын, ассортиментін тексеруі керек.
    • Тапсырысты рәсімдеу кезінде Сатып алушы таңдаған сауда нүктесінде сатып алынатын Тапсырысты алу үшін Сатушымен белгіленген мерзім шектеулі және Тапсырыстар үшін Тапсырыс әзірлігі туралы Сатып алушының хабарландырылған сәтінен 14 күнтізбелік күннен аспайды.
    • Шарттың 4.9 тармағында көрсетілген мерзімде Тапсырысты алмау Сатып алушының сатып алу-сату шартынан бас тартқаны болып есептеледі және Сатушының Тапсырыстың күшін жоюы үшін негіз болып табылады. Егер алынбаған Тапсырысқа алдын-ала төлем жасалған болса, ақшалай қаражат Шарттың 3.6 тармағында көзделген тәртіпте Сатып алушыға қайтарылады.
    • Сатып алушы Тапсырысты жеткізуді жүзеге асыратын қызметтен нақты алар сәтте сатып алудан бас тартқан жағдайда, болмаса Сатушы Тапсырыс жеткізуді жүзеге асыратын қызметке бергеннен кейін бас тартқан болса Сатып алушы жеткізу құнын төлеуге міндетті (ҚР АК 450 бабының 3-тармағы, «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңының 25-бабының 5-тармағы негізінде).

 

  1. ТАУАРҒА ТӨЛЕМ ЖАСАУ
    • Тауар бағасы Сайтта көрсетіледі.
    • Тауар бағасын бір жақты тәртіпте Сатушының өзгертуі мүмкін. Тауар бағасы Тапсырысты рәсімдеудің соңғы кезеңінде көрсетіледі және «Рәсімдеу» түймешігін басу кезеңінде жарамды. Бұл жағдайда Сатып алушымен тапсырыс берген Тауар Тапсырыс рәсімделгеннен кейін өзгертілмейді. Интернет-дүкендегі Тауар бағасының сауда нүктесіндегі бағадан айырмасы болуы мүмкін. Интернет-дүкен бағасы интернет-дүкен арқылы рәсімделген тапсырыстар үшін ғана жарамды.
    • Тауарға төлем жасау тәсілдері Сайтта «Төлем әдістері» бөлімінде көрсетілген. Төлемнің келісілген тәсілі Тапсырысты рәсімдеу кезінде төлемнің қолжетімді тәсілдерінің ішінен Сатып алушы таңдаған тәсіл болып саналады.
    • Тауарларға алдын-ала төлеу кезінде Тапсырыс Сатушының есептік шотына ақшалай қаражаттың есептелгенінен(түскеннен) кейін ғана өңдеуге қабылданады. Бұл жағдайда Тауар Тапсырысқа қарай резервте сақталмайды, және Сатушы Тапсырыстың рәсімделу сәтінде Сатушының қоймасында Тауардың болуына кепілдік бермейді, тиісінше Тапсырысты өңдеу мерзімі артуы мүмкін.
    • Банк карталары көмегімен Тауарға төлем жасау ерекшеліктері

а) Банк карталары бойынша операциялар картаны иеленушімен болмаса оларға уәкілетті тұлғалармен жасалады.

б) Банк карталарының көмегімен төлем жасау тәртібі Сайтта «Төлем әдістері» бөлімінде көрсетілген.

в) Банк карталары бойынша операцияларды авторизациялауды банк жүзеге асырады. Егер банктің операцияны алаяқтық сипатқа ие деп есептеуге негіздемесі болса, банк аталған операцияны жүзеге асырудан бас тартуға құқылы. Банк карталарымен алаяқтық операциялар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190 бабының ықпалына түседі.

г) Төлем жасау кезінде банк карталарын заңға қайшы пайдаланудың әр түрлі жағдайларын болдырмас үшін Сайтта рәсімделген және банк картасымен алдын-ала төлем жасалған барлық Тапсырыстарды Сатушы тексереді. Сатушы себебін түсіндірместен Тапсырыстың күшін жою құқығын өзіне қалдырады. Тапсырыс құны иеленушінің банк картасына қайтарылады.

  • Сатушы Сатып алушыға Тауарға жеңілдік жасай алады және бонустар бағдарламасын бекіте алады.
  • Сатушы өзі қалаған уақытта Акциялық жеңілдіктер жасай алады. Акциялық жеңілдіктер тек қана қағаз кітаптарға жарамда.
  • Сатушы Тауарды жылжыту мақсатында төлемнің қандай да бір түріне немесе Тауарды жеткізге жеңілдіктер жасауға құқылы. Бұл жағдайда Сатушы жеңілдіктердің қолдану шарттарын шектеуі мүмкін.
  • Сатып алушының тапсырыстарына қандай да бір нысандарды салуды көздейтін маркетингтік іс-шараларды жүргізу кезінде көрсетілген салымдарды жеткізу Сатып алушы есебінен жүзеге асырылады. Салымдардан бас тарту үшін Сатып алушы Клиенттермен жұмыс жасау қызметіне жүгінуі керек.

 

  1. ТАУАРДЫ ҚАЙТАРУ
    • Тиісті сападағы тауарды қайтару.

а) Сатып алушы тиісті сападағы тапсырыс берілген Тауардан оны алғанға дейін кез келген уақытта бас тартуға құқылы, ал Тауарды алғаннан кейін – егер ол пайдаланылмаған болса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбылары, затбелгілері, сонымен қатар Тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталған болса, 14 (он төрт) күнтізбелік күн аралығында бас тарта алады.

Тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат жоғалған болса немесе қандай да бір себептермен тұтынушыға берілмесе, егер Сатып алушы аталған сатушыдан (дайындаушыдан) сатып алу фактісін дәлелдесе, Сатушы тауарды айырбастауы немесе қайтаруы керек.

б) Егер көрсетілген Тауарды Сатып алушы ғана пайдаланатын болса, Сатып алушы өзіндік айқын қасиетке ие, тиісті сападағы Тауардан бас тартуға құқы жоқ.

в) Сатып алушы Тауардан бас тартқан жағдайда Сатып алушыдан жазбаша өтініш пен тауарды алған күнінен кем дегенде 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей Сатып алушыдан қайтарылған Тауарды жеткізуге Сатушының шығындарын қоспағанда Шарттың 6.1. а тармағына сәйкес Сатушы оған қайтарылған Тауардың құнын қайтарады.

г) Егер Сатып алушы тауарды айырбастағысы келсе, ал Сатып алушының жүгінген сәтінде ұқсас тауар сатылымда болмаса, Сатып алушы сатып алу-сату шартын орындаудан бас тартуға және көрсетілген тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы. Сатушы тауар қайтарылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні аралығында қайтарылған тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруға міндетті.

  • Тиісті емес сападағы тауарды қайтару

а) Сатып алушы Сатушыға тиісті емес сападағы Тауарды қайтара алады және төленген ақшалай соманы қайтаруды талап ете алады. Сатып алушы сонымен қатар тиісті емес сападағы Тауарды алмастыруды талап ете алады.

б) Сатып алушының шарттан бас тартқан жағдайында және Шарттың 6.2. а тармағына сәйкес тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтару туралы талаптар қойған жағдайда Тауар құны Сатып алушыдан жазбаша өтініші мен тауарды Сатушының алған сәтінен 10 (он) жұмыс күні аралығында Сатып алушыға қайтарылуы тиіс.

  • Ақшалай қаражатты қайтару

а) Ақшалай қаражаттар Тауарға төлем жасау кезінде пайдаланылған тәсілмен қайтарылуы тиіс.

б) Егер ақшалай қаражатты қайтару Сатып алушының тауарды қайтаруынан басқа уақытта жүзеге асырылатын болса, көрсетілген соманы қайтару Сатып алушы көрсеткен Сатып алушының банктік шотына сәйкес соманы аудару жолымен Сатып алушының келісімі арқылы Сатушы жүзеге асырады.