Көмек

Біздің баспа туралы Баспа туралы , серіктестеріміз туралы Серіктестер деген бөлімдерде таныса аласыз.

Кітапқа тапсырыс беру үшін Қалай тапсырыс жасау? және Қоғамдық оферта бөлімдерінен керекті мәліметтерді ала аласыз.

Төлем түрлерімен Төлем әдістері бөліміне кіріп таныса аласыз.

Қосымша Тауар қайтару және Сату ережелері бөлімдерінде сәйкес ережелермен танысып, қалай жүзеге асыру керек екенін біле аласыз.

Сіз жасаған тапсырысты жеткізу әдістері туралы Жеткізу түрлерінен оқи аласыз.

Сонымен қатар бізге Жиі қойылатын сұрақтар ретінмен танысып, оларға берілген жауаптарды оқи аласыз.

Бізбен байланысу ушін Байланыс бетінен керекті мекен-жайларды ала аласыз.

 

Kokzhiek.kz сайтында онлайн оқи аласыз

1.    Электронды кітапты сатып алған соң сатып алынған кітаптар бетіне кіріңіз

2.    «Кітап оқу» пернесін басыңыз, кітабыңыз ашылады.

3.    Бұл жерде   мына пернені басу арқылы парақтың түстерін және мәтінің қаріп түрлері мен өлшемдерін өзгерте аласыз. Мына пернені басып мазмұнында көре аласыз.

4.    Сіздің қай кітаптың қай бетіне келгеніңізді есте сақтайды. Басқа компьтерден немесе құрылғылардан келген жеріңізден ары қарай оқи аласыз. Жұмыста бастаған кітабыңызды, үйде жалғасытырып оқи аласыз.

 

Kokzhiek мобилдік қосымша арқылы кітап оқу

1.    Kokzhiek мобилдік қосымшаны App Store және Google Playmarket платформаларынан қолыңыздағы құрылғыға жүктеп алыңыз

2.    Жеке кабинетіңізге кіріп сатып алған кітабыңызды оқи аласыз.

3.    Бұл жерде  мына пернені басу арқылы парақтың түстерін және мәтінің қаріп түрлері мен өлшемдерін өзгерте аласыз. Мына пернені    басып мазмұнында көре аласыз.

4.    Сіздің қай кітаптың қай бетіне келгеніңізді есте сақтайды. Басқа компьтерден немесе құрылғылардан келген жеріңізден ары қарай оқи аласыз.

 

1. Кіру және тіркелу

1.1. Көкжиек сайтына тіркелу үшін, экранның оң жақ жоғары жағандағы батырманы басыңыз. Экранда пайда болған анкетаны толтырыңыз да, тіркелу деген батырманы басыңыз.

1.2. Егер тіркеліп қойған болсаңыз, жеке кабинетке кіру үшін, логин мен құпия сөзіңізді теріп, кіру деген батырманы бассаңыз жеткілікті.

2. Кітапты оқу және сыйлау

2.1. Кітаптарды сатып алмас бұрын, сол кітаптың үзіндісін оқи аласыз. Ол үшін қалаған кітабыңызға тышқанды жақындатсаңыз, үзінді оқу деген батырма пайда болады. Сол батырманы бассаңыз жаңа парақшаға кітаптың үзіндісі көрсетілетін болады.

2.2. Кітапты сатып алу үшін, кітапқа тышқанды жақындатқанда пайда болған толығырақ деген батырманы басыңыз. Экранға кітап туралы толық мәлімет пайда болады. Қағаз не электронды кітап сатып алатыныңызды таңдаңыз. Кітап таңдалғаннан кейін, сатып алу деген батырманы басыңыз. Ары қарай кітап санын көрсетіп, рәсімдеу деген пернені басыңыз. Берілген сұрақтарға жауап беріп, төлемдер жүйесіне көшіңіз. Өзіңізге ыңғайлы төлем түрін таңдап, тиісті бос орындарды толтырып, төлемді аяқтаңыз. Рәсімдеу аяқталған соң, сіздің поштаңызға хабарландыру келеді. Толығырақ қалай тапсырыс жасау және төлем әдістері бөлімдерінен оқи аласыз.

2.3. Кітапты досыңызға сыйлағыңыз келсе, кітап туралы толық мәлімет тұрған бетке кіріңіз. Сол жерден электронды кітапты таңдаңыз. Төменгі жақта тұрған кітапты сыйлау жолағына сыйға берілетін адамның поштасын енгізіңіз де, сол батырманы басыңыз. Ары қарай сыйлау батырмасын бассаңыз, анкета пайда болады. Тиісті сұрақтарға жауап беріп, төлемді аяқтаңыз.

2.4. Электронды кітапты сатып алғаннан кейін, жеке кабинетіңізге кіріп, менің кітаптарым дегенді таңдаңыз. Ол жерде сіздің барлық кітаптарыңыз көрсетілетін болады: сатып алынған, сақтап қойған және сыйға берген. Сатып алынған кітаптарыңызды онлайн оқи беруіңізге болады.

2.5. Электронды кітап ашылғаннан кейін, сіз өзіңіздің қалауыңыз бойынша оның артқы фонының түсін, шрифт түрлерін өзгерте аласыз. Қанша бет қалғанын көргіңіз келсе, экранның төменгі жағынан көре аласыз.