Тұлға, Құран және Сүннет
Көзі қарақты оқырмандардың назарына ұсынылып отырған кітап он сегіз мың ғаламның сардары ақырғы елші Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) тағылымға толы өмір жолынан сыр шерте отырып, Ислам тарихында орын алған ірілі-ұсақты оқиғаларды нақты деректермен бедерлеп, айшықтап берумен қатар, тарих көшіне ілесіп ғасырлар бойы өз биігіне шырқай түскен Ислам дінінің бүкіл адамзатқа ортақ құндылықтары туралы ой-толғаныстарын да көркем тілмен баян етеді. Сөз жоқ, кеңінен көрініс тапқан тың ойлардың, соны пайымдаулар мен терең байыпты ізденістерге толы зерттеулердің мәні айрықша. Адамзаттың асыл тұлғасының ғажайып әлеміне жетелейтін бұл еңбек оқырманның жүрегін тербеп, санасын сәулелендіре түсері күмәнсіз. Еңбек барша оқырман қауымға арналады.