Иман
Жастарды радикалды, экстремистік, қауіпті діни ағымдардан сақтандыру мақсатында әзірленген бұл кітапта исламдағы ең алғашқы бүлікшіл ағым – Харижиттер жайлы сөз болады. Харижиттердің пайда болу тарихы мен шығу себептері баяндалып, олар жайлы әһлі сүннет ғалымдарының көзқарастары келтіріледі. Бұған қоса, харижиттердің негізгі ерекшеліктері мен көзқарастарына жан-жақты ғылыми сараптама жасалады. Олардың бүгінгі таңдағы жалғасы болып табылатын Талибан, әл-Каида, Боко Харам, ән-Нусра, ИШИМ, әш-Шәбаб секілді экстремистік ұйымдар мен радикалды ағымдардың бетпердесін ашып береді. Еңбек исламтанушы, дінтанушы мамандарға және барша оқырман қауымға арналады.