Иман, Құлшылық
Ислам - аясы кең, рухани құндылықтарға мейлінше бай дін. Оның ізгілікке негізделген інжу-маржандары мен баға жетпес жауһарларын халыққа насихаттау ҚМДБ-ның үздіксіз жалғастыра берер міндеттерінің бірі. Жинаққа еліміздегі танымал дінтанушылардың әр жылдары жарық көрген діни уағыздары және арнайы осы жинақ үшін жазылған жаңа уағыздар топтастырылған. Еңбек дін және білім-тәрбие саласының қызметкерлеріне және жалпы жұртшылыққа арналған.